«Таза сессия» акциясы аясында ақпараттық буклеттер тарату

14.06.2021

2021 жылы 14 маусымда «Таза сессия» акциясы аясында ақпараттық буклеттер таратылды. Бұл акция студенттердің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

Шара барысында колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Студенттерге колледжде ұсыныстар мен ескертулер үшін орналастырылған «Сенім почтасы» туралы ақпарат берілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды, студенттер сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шараларымен таныстырылды.

Іс-шара жастардың бойында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністерімен байланысқа түспеуге көмектесетін құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.

Жастар жемқорлыққа қарсы! Болашақ жас ұрпақтың еншісінде!



Текст
Виртуальная приемная